Xalhar IME
Толық офлайн қазақша смарт-пернетақта — төте жазу + кирилл, сөз болжау, дауыспен енгізу
- Нұсқа:
- 0.3.1
- Платформа:
- Android 7.0+
- Өлшемі:
- 325 MB
SHA-256: 829c3c2a6fffc2b4…
Негізгі мүмкіндіктер
- Төте жазу (араб әріпті) және кирилл — екі пернетақта, бір мәзірден ауысыады
- Ақылды функциялар (болжау, дауысты тану) толық офлайн — интернетсіз жұмыс істейді
- Сөз болжау: префикс бойынша толықтыру + келесі сөзді болжау (құрылғыдағы нейрожүйе)
- Дауыспен енгізу: қазақша сөйлеуді жазуға айналдырады (офлайн модель)
- Жиі қолданылатын сөздердің ішкі сөздігі
- Тегін, жарнамасыз, тіркелусіз
Талаптар
- Android 7.0 (API 24) немесе одан жаңа нұсқа
- Шамамен 700 MB бос жад (қондырғыдан кейін)
- Ақылды функцияларға интернет қажет емес (статистика қосылғанда ғана аз мөлшерде трафика жұмсалады)
Құпиялық
Болжау мен дауысты тану телефонның өзінде атқарылады — терілген мәтін мен дауыс еш жерге жіберілмейді. Қолданбада екі өшіруге болатын желі функциясы бар: анонимді статистика (қондырғы саны мен белсенділік) және пернетақта үстіндегі жарнама жолағы. Екеуі де мәтін/дауыс мазмұнын мүлде жинамайды.
Бұл кімге арналған?
Xalhar IME — қазақ тілінде жазатындарға арналған смарт-пернетақта. Төте жазуда (араб әріпті қазақ жазуы) жазатын қандастарымыз үшін дайындалды, сонымен қатар кирилл пернетақтасы да бар.
Орнату және қосу
- Жоғарыдағы түймені басып APK файлын жүктеңіз.
- Файлды ашып, «Қондыру» түймесін басыңыз (мұрын телефон «белгісіз көздерден орнатуға» рұқсат сұрайды — рұқсат беріңіз).
- Параметрлер → Тіл және енгізу → Экран пернетақтасы → Xalhar IME қосыңыз.
- Кез келген мәтін өрісінде пернетақтаны ауыстырып, қазақша жаза беріңіз.
Пернетақтаны ауыстыру
Мәтіндік мәзірдегі 🌐/Тіл пернесін басып, төте жазу мен кирилл арасында ауыса аласыз. Екі жазуда да болжау жұмыс істейді.
Дауыспен енгізу
Микрофон белгішесін басып, қазақша сөйлеңіз — сөздеріңіз мәтінге айналады. Дауысты тану интернетсіз, телефонның өзінде жүреді.
Белгілі шектеулер (v0.3.1)
- Болжау сапасы әлі жақсартылуда — алғашқы нұсқа.
- Дауыспен енгізу тыныш бөлмеде дәлірек жұмыс істейді.
- iOS нұсқасы әлі жоқ.
Пікір қалдырсаңыз — байланыс беті арқылы жазыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Xalhar IME тегін ме?
Иә, толық тегін. Жарнама да, ішкі сатып алу да жоқ.
Интернет қажет пе?
Ақылды функциялар (болжау, дауысты тану) толық офлайн жұмыс істейді. Желіні тек қана өшіруге болатын анонимді статистика мен пернетақта үстіндегі жарнама жолағы қолданады — екеуі де терілген мәтін мен дауысты мүлде жинамайды.
Қандай жазу түрлері бар?
Төте жазу (араб әріпті) және кирилл — екеуі де бар, пернетақта ішінен ауысасыз.
APK неге үлкен (325 MB)?
Ішінде офлайн дауыс тану моделі мен тіл моделі тұр. Солардың арқасында интернетсіз жұмыс істейді.
iPhone-ға шыға ма?
Әзірше тек Android. iOS нұсқасы жоспарда бар.